Новинки музыки 2022 Жарасхан Төлебай - Маған сені жақсы көрген ұнайды

Жарасхан Төлебай - Маған сені жақсы көрген ұнайды

Жарасхан Төлебай - Маған сені жақсы көрген ұнайды
  • Скачано: 7 143
  • Жанр: Новинки музыки 2022
  • Размер MP3: 7.68 MB
  • Длительность MP3: 3:21
  • Качество MP3: 320 kbps
  • Дата релиза: 26-10-2022, 13:03
Скачать песню
Скачать песню Жарасхан Төлебай - Маған сені жақсы көрген ұнайды в mp3 бесплатно.

Слушать онлайн Жарасхан Төлебай - Маған сені жақсы көрген ұнайды

Текст песни
Jarashan Tolebai - Magan seni jaqsy korgen unaidy

Жырмен ғана жеткіземін лебізді,
Өмір мені әлі талай сынайды.
Өлеңіме арқау қылып негізгі,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Қараша кеп, қаңырады солғын бақ,
Қайыңдар да - адамдарша жылайды.
Армандардың арасынан қол былғап,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Кім түсінер күзге айналған күйімді,
Бір ой келіп қозғайды ғой мың ойды.
Тағдырымнан тартып алып сыйымды,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Махаббатты жүрмесем де ұран ғып,
Жүрек дәйім сені ғана сұрайды.
Соңғы үмітті тағып алып - тұмар ғып,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Жұлдыздар да жазғанымды жаттапты,
Өздерінше олар да өлең құрайды.
Қиялыма ерік беріп тәп-тәтті,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Күдігіңді жауған қарға жеңдіріп,
Көңілдегі сейілтіп көк тұманды.
Бір бақыттың күтеріне сендіріп,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Ғашықтардың шырқалады әні бір,
Күтуменен өткізермін жыл-айды.
"Сүймеймін", - деп айтсаң-дағы бәрібір,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.
Через наш сайт https://muzdown.net вы можете ощутить наслаждение от музыки, также много музыки с нашего сайта для тех, кто устал от работы и хочет немного отдохнуть.